Вирджил Хантер: Фроч Головкин үшін аса ірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Андре Уордтың бапкері Вирджил Хантер британдық Карл Фрочты WBA/IBO тұжырымының орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін тым ірі деп санайды.

Фрочтың Головкинге қарсы мүмкіндіктері баршылық дер едім, бұл Карлдың соққысы басқаларынан ерекше дегенім емес, ол Геннадийдің жанында өте ірі әрі мығым, - деді Хантер DailyMail берген сұхбатында.