«Виртуалды махаббат» алғашқы демалыста 20 млн. теңге жинады

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат» атты фильмі алғашқы демалыста 20 млн. теңге жинады, деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«Виртуалды махаббат» киносы 22 қарашада прокатқа шығарылды. Фильмнің желісі бойынша, Эля есімді ару өзіне ғашық әріптесін елемей, ғаламтор арқылы белгісіз жас жігітпен танысып, соған ғашық болып қалады. Ол өзіне ғашық болған әріптесі мен экранның ар жағында отырған жігіттің бір адам екенінен хабарсыз болады.  Айта кетейік, бұл фильмде басты рөлді «Астана-менің махаббатым» сериалы бойынша көрермен қауымға кеңінен танылған Бибігүл Ақтан (Сүйіншалина), сондай-ақ ресейлік әртіс Артур Смольянинов сомдайды.