Meow! AR Cat ойыны былтыр танымал болған «Тамагочиге» ұқсайды. Қолданушы мысықты тамақтандырып, түрлі киімдер кигізіп, онымен бірге қыдыра алады және виртуалды ортада ойыншықтармен ойната алады (мысалы, лазерлік таяқша).
Сондай-ақ, онымен бірге селфи жасап, видеоға да түсуге болады.
Бұл қосымша бұдан бұрын iOS құрылғысында болған еді, бүгінде Android-та да пайда болды.
ARCore қандай да бір қосымша құрылғысыз жұмыс істейді, екі камераны немесе арнайы тереңдік құрылғысын қажет етпейді. Қолданба көптеген смартфондарда істей береді.