Виртуалды зертхана мектеп бағдарламасына енгізіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық өнертапқыштар мектеп бағдарламасындағы зертханалық жұмыстарды 3D модельде өткізуге мүмкіндік беретін «AVRLABS 1.0» виртуалды зертхана бағдарламасын құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Виртуалды зертхана оқушылардың танымдық қызығушылығынарттыру, қазақтың ұлттық құндылықтарын зертханалық дизайн үлгісінденасихаттау, инженерлік, өнертапқыштық және ғылыми өрісін кеңейту мақсатындажасалды.

«Зертханалық жұмыстарды витруалды жүргізу үшін 3Dкөзілдіріктері қолданылады. Көзілдіріккөмегі арқылы, адамның көз алдында модерн үлгісінде жасалған жасанды зертхана елестейді. Зертхана -қазақтың киіз үйі кейпінде болмақ және оның ішінде орналасқан ұлттық тұрмыстықбұйымдар ғылыми жұмыстарды жасауда қолданылатын құрал-жабдықтар ретіндеойластырылған», - деді бағдарлама құрастырушы топтың маманы РусланХайырмұқанбетов.

Жоба аясында бүгінде 11 адамнан құралған өнертапқыштар тобыжұмыс жасауда. Жоспар бойынша қамтылуы тиіс тақырыптар оқулықтар базасындағыбағдарламалар негізінде болмақ. Қазіргі таңда физика пәні бағытында 7-9 сынып,ал химия сабағынан 6-9 сынып оқушыларына арналған витруалды зертхана жобасыәзірленді.

«Бағдарламаны құрастыру осыдан 3 жыл бұрын басталды. ЖобаныАқтөбе қаласы М.Дулатов атындағы №63 мектеп-лицейімен бірлесіп, педагогтардың тəжірибелерімен ой-пікірлерін ескере отырып əзірледік. Осы жылғы жаңа оқу маусымындаАқтөбедегі №63 мектеп-лицейіне аталмыш бағдарлама пилоттық негізде енгізіледі.Кейін оқушылардың оқу үлгеріміне жасанды зертхананың қаншалықты әсер еткенінбайқаймыз. Оң нәтиже байқалса, онда барлық Қазақстанның қазақ тілдімектептеріне енгізу жоспарда бар», - дейді бағдарламаны құрастырушы топтыңмүшесі Мейіржан Серікбайұлы.

Зертханалық тәжірбиелік жұмыстарды жүргізуге арналғанбағдарлама мобильдік қосымша түрінде болады. Оны «Play Market» және «App Store»жүктеу жүйелері арқылы кез келген смартфонға орнатуға мүмкіндік бар.Бүгінде виртуалды зертхананыңдемо-нұсқасы жасалды.


Соңғы жаңалықтар