Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан гепатологтарының бірінші съезі аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.
«Вирустық гепатит ол вирустық инфекция, яғни тұмау, сондай-ақ АҚТҚ және ЖҚТБ секілді вирус болып табылады. Бұлар адамнан адамға жұғатын инфекциялық аурулар. Сондықтан да бұл проблемалар барша әлемде өзекті болып саналады. Біз бүгінде еліміздегі жалпы адам өлім-жітімін төмендету мен өмір ұзақтығын ұзартуда сапалық жағдайды арттыруды қаперге ала отырып, адам өліміне әкеліп соқтыратын барлық факторлармен күресуіміз шарт. Оның аясында қан айналымы жүйесінің дерттері мен онкологиялық ауруларды емдеу бойынша белсенді айналысудамыз және бұл тұрғыда жақсы нәтижелер бар. Енді келесі кезең ол гепатитпен күреске негізделген»,-деп атап өтті ол.
Бұл тұрғыда Е. Байжүнісов осы орайда елімізде гепатиттердің барлық түрлерін адам ағзасында асқынбай тұрғында бастапқы кезеңде анықтау өте маңызды екенін баса айтты.
«Көптеген БАҚ-тар «С» гепатиті Қазақстанда таяуда ғана пайда болды деп шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялап жатады. Бұл ауру әрқашан да болған, алайда біздің отандық денсаулық сақтау саласы дертті уақытында анықтау мүмкіндігіне қол жеткізе алмаған. Бүгінде еліміздің технологиясы ауруды анықтау жолында кең мүмкіндіктерді ашып отыр. Республиканың өңірлерінде 16 гепатологиялық орталық бар және онда скринингтік зерттеулердің барлық нәтижесі қаралады»,-деп тоқталған вице-министр: «Атап айтқанда, осы тұрғыда вирустық гепатитпен ауыратындарды анықтау көлемі жыл сайын артатын болады. Бұны жаман көрсеткіш деп санауға болмайды»,-деді.
Себебі, жаңа технологиялар арқылы дертке шалдыққандарды ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі ашылып отыр.
«Енді біздің мақсат - аталған аурудың алдын алудың профилактикасы бойынша тетіктердің кешенін әзірлеу, халықты профилактиканың негіздеріне үйрету»,-деді ол.