Висбаденде Қазақ-герман экономикалық форумы өтті

None
БЕРЛИН. 4 шілде. ҚазАқпарат - Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мақсатында, Гессен федералдық жерінің астанасы Висбаден қаласында Қазақ-герман экономикалық форумы өтті.

Форум Гессен жерінің үкіметі және Висбаденнің Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен "Қазақстан -2050" Стратегиясы, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдықтары, сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаевтың өткен жылғы ақпан айында Германияға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтары негізінде ұйымдастырылды.

Шара баламалы энергетика, өндеу өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау технологиялар сияқты екіжақты экономикалық ынтымақтастығының ең өзекті салаларын қамтыды.

Баяндамашылар ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен екіжақты экономикалық ықпалдастықтың әлеуеті туралы сөз қозғады. Қазақстанның федералдық үкіметтің энергетикалық стратегиясында маңызды рөл ойнайтыны аталды. «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша 2017 жылы Астанада Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін әзірлеу және өткізу неміс кәсіпкерлеріне жақсы мүмкіндіктер беретіні айтылды. Екі ел арасындағы шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық серіктестіктің тиімді түрде іске асыру қажеттілігіне, сондай-ақ кәсіби-техникалық білім беру неміс қосарлы жүйесі тетіктерінің енгізілуіне ерекше назар аударылды.

Шараға Гессеннің қоғамдық-саяси және іскерлік топтар өкілдері қатысты. Олардың ішінде мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы неміс компанияларының басшылығы қатысты. Қазақстан тарапы KazNex Invest Ұлттық агенттігі және «Астана ЭКСПО-2017» корпорациясы арқылы паш етілді.

Гессен - Германияның тап ортасында орналасқан федералдық жер. Бүгінгі Гессен - ГФР-дің ең ірі экономикалық орталықтарының және Еуропаның ырғақты дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Мұнда әлемге әйгілі «Опель», «Фольксваген», «Тиссен» және т.б. фирмалардың зауыттары шоғырланған. Ел экономикасында Майндағы Франкфурт метрополиясы маңызды рөл атқарады, осы қалада көптеген неміс және шетелдік банктер, сондай-ақ өзінің айналымының көлемі тұрғысынан әлемдегі төртінші қаржы биржасы орналасқан. Германияның ең ірі Франкфурт әуежайы Гессеннің басты жетістіктерінің бірі болып саналады.