Виталий Демьяненко Мәскеуде чемпиондық атақтарын сәтті қорғады

АЛМАТЫ. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Виталий Демьяненко өткен сенбі күні Мәскеуде Бүкіләлемдік бокс ұйымының Тынық мұхит аймағы бойынша және Паназиялық бокс қауымдастығының чемпионы деген өз атақтарын абыроймен қорғап қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның бұл жолғы қарсыласы аргентиналық Хорхе Даниэль Миранда болды. «Қытайлық» деген лақап аты бар Хорхе бұған дейін 34 кездесу өткізіп, оның 25-ін өз пайдасына шешкен болатын. 12 раундтық жекпе-жекте қапталдағы үш қазы да бірауыздан (120-108, 120-109, 120-108) Виталийді жеңімпаз деп тапты. Бұл оның 19-шы жеңісі. 2004 жылғы Афины олимпиадасынан кейін несібесін кәсіпқой бокс рингінде тауып жүрген В. Демьяненко әзірге бірде-бір рет жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Алты жылдың ішінде Бүкіләлемдік бокс ұйымының Тынық мұхит аймағы бойынша және Азия бокс кеңесі мен Паназиялық бокс қауымдастығының чемпионы деген атақтарды иеленді.