Ұрыс немістің Кельн қаласындағы Lanxess-Arena шаршыалаңында өтті. 2004 жылғы Олимпиада чемпионы. кубалық боксшы тізесінен жарақат алып, жекпе-жекті одан әрі жалғастыра алмады. Кличко техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ұрысты тоқтатар алдында Солис шабуылға шықты, Кличко оң қолымен қатты соққы беріп, кубалық боксер тепе-теңдіктен айырылып қалды.