Виталий Кличко Киев мэрі сайлауында жеңіске жетті - экзит-полл нәтижелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - УДАР партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Украина астанасы Киев қаласының мэрі сайлауында сайлаушылардың 57% даусын жинады. Бұл туралы экзит-полл нәтижелерін жариялаған жергілікті телеарналар хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Оның негізгі саяси бәсекелесі Жоғарғы рада депутаты Леся Оробец 10,3% дауыс жинаса, Киев қалалық мемлекеттік әкімшіліктің басшысы Владимир Бондаренко 8,2% жинады.