Мұндай шешім 5 желтоқсан күні Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Халықаралық олимпиада комитетінің атқарушы комитеті отырысының қорытындысында жарияланды.
ХОК атқарушы комитетінің шешімімен Ресей олимпиада комитеті дисквалификацияланды, «таза» ресейлік спортшылар Пхёнчхандағы олимпиадаға дейін бейтарап (олимпиадалық ақ) тумен шығатын болады. Ресей спортшыларын марапаттау кезінде Олимпиада әнұраны орындалады.
2018 жылғы Қысқы олимпиада 9-25 ақпан күндері Пхёнчханда өтеді.