Виталий Жуковский қайтадан «Атырау» командасының бас жаттықтырушысы болды
АТЫРАУ. KAZINFORM – «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып Виталий Жуковский тағайындалды.
Футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, беларусьтік маманның жасы – 41-де.
– Виталий Жуковский «мұнайшылардың» бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ол 2022-2024 жылдары аралығында «Атырау» бас жаттықтырушысы болып, командамызды Қазақстан Кубогінің финалына шығарды. Ел чемпионаты аясында соңғы жылдардағы үздік нәтижені (7-орын) көрсеткен еді, -деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің дерегіне сүйенсек, бас жаттықтырушымен келісімшарт 1,5 жылға жасалған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубы ресейлік қақпашымен келісімшартты тоқтатты.
Ал, «Жеңіспен» кездесуден соң Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті.
Сондай-ақ, кеше «Атырау» футбол клубынан бір мезгілде 8 ойыншы кететінін хабарлаған болатынбыз.