Витебск қаласындағы жаттығу кезінде қазақстандық спортшы көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеу комитетінің Витебский қалалық бөлімі кір тасын көтеру триатлоны бойынша екінші Дүниежүзілік олимпиадаға қатысу үшін Беларусьтің Витебск қаласына келген Қазақстан Республикасының азаматы, 77 жастағы спортшының өлім құшу фактісі бойынша тергеу алды тексеруді бастады деп хабарлайды БЕЛТА.

Витебск облысы бойынша ТК басқармасының ресми өкілі Инна Горбачеваның айтуынша, 14 тамызда құқық қорғау органдарына 1937 жылы туылған, Қазақстан командасындағы жарысқа қатысушылардың бірі Витебск орталық спорт кешенінің спорт залында бір минут 10 келілік кір тасын көтеріп болған соң, құлап қалғандығы жайында хабарлама келіп түсті. Жедел медициналық көмек еш нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері спортшының өлім құшқанын жеткізді.

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды. Басқа да қажетті тексеру шаралары жүргізілді. Алдын ала болжам бойынша, ер адам жедел жүрек жетіспеушілігінен қаза тапқан.

Қазаның нақты себебін анықтау үшін Беларусьтің Мемлекеттік сот сараптамасы комитетінің қызметкерлеріне сот-медициналық сараптама жүргізу тапсырылды.