Витольд Банька ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканың мемлекеттік наградамен марапатталғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы Қазақстан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, - делінген ресми дереккөзде.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті Витольд Баньканы қабылдады.