Вице-премьер: Банктердің салық жүктемесімен бірге ипотека пайызы да өседі

Фото: Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — Салық кодексінің жаңа редакциясындағы банктерге ұсынылған қосымша салық жүктемелері ипотека пайызын өсіреді. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деп мәлім етті.

— Көтеріледі. Мәселе басқада. Сіз ондай шартпен ипотека аласыз ба? Осы кезде банктер, әрине, дилеммаға тап болады. Салықтың қосымша 5% жүктемесін баспананың өзіндік құны ретінде өз мойнына ала ма, әлде пәтер бағасы ретінде тұтынушының мойнына арта ма? Ипотека нарығы серпімді. Яғни, бізде жеткілікті жақсы балама бар. Бұл — «Отбасы банк» пен мемлекеттік ипотекалық бағдарлама, — деді ол Журналист сұрағына берген жауапта. 

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.