— Көтеріледі. Мәселе басқада. Сіз ондай шартпен ипотека аласыз ба? Осы кезде банктер, әрине, дилеммаға тап болады. Салықтың қосымша 5% жүктемесін баспананың өзіндік құны ретінде өз мойнына ала ма, әлде пәтер бағасы ретінде тұтынушының мойнына арта ма? Ипотека нарығы серпімді. Яғни, бізде жеткілікті жақсы балама бар. Бұл — «Отбасы банк» пен мемлекеттік ипотекалық бағдарлама, — деді ол журналист сұрағына берген жауапта.
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.