Отырыс барысында вице-премьер аталған елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесі Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті.
Кеңесте мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары аталған елдермен экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және бірлескен жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады. Шетелдік серіктестермен экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланып, сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың перспективалы бағыттары айқындалды.
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту елдің өнеркәсіптік әрі технологиялық дамуының маңызды факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту, жаңа бастамаларды айқындау бағытындағы жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Айта кетелік Нұрлыбек Нәлібаев Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысқан еді.