Бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
- Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. Этномәдени және жастар ұйымдарының өкілдерімен, қоғам белсенділерімен және «Үміт көпірі» волонтерлерімен бірге елордадағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызу жұмыстарына қатыстық, - деді Ерлан Қарин.
Қазақстанның ірі қалаларындағы тазалық, қауіпсіздік және жайлы қоғамдық кеңістіктер шетелдік қонақтардың да назарын аударып отыр. Алайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді көркейту жұмысы халықаралық имидж үшін емес, ең алдымен азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жасалуы керегін айтты.