Вице-Президент Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілімен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Вице-Президент Ерлан Қарин Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

— Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған конституциялық реформаның қорытындыларына айрықша назар аударылды. Ерлан Қарин жаңа Конституцияның қабылдануы елді жүйелі жаңғыртудың жалғасы әрі саяси жүйені жаңартудың негізі екенін атап өтті, — делінген хабарламада.

Вице-Президент конституциялық құндылықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының стратегиялық бағдарының негізін құрайтынын жеткізді.

Бұған дейін Ерлан Қарин Президентке ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша есеп берді.