Витторио Брумотти: Велосипедке отырсам ақылға ерік бермей кетемін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал велосипедпен трюк жасаушы Витторио Брумотти өзінің қызықты әрі қауіпті өнерімен баршаны тамсандыруды қоятын емес. Бүгін италиялық спортшы 12 тамызда Елордада өтетін «Тур ЭКСПО-2017» велосайысына қатысу үшін Астанаға келді. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Брумотти велосипедпен көзсіз ерлікке барарда неден шабыттанатынын, спорттың осынау қауіпті түрін қалай таңдағанын айтып берді.

- Витторио, Сіз Астананың «Хан шатыры», алып көпірі мен өзге де зәулім сарайларын бағындыру үшін келген екенсіз. Сіздің келесі кезекте көздеп отырған мақсатыңызды білуге бола ма?

- Мен әзірге ол туралы ойланбаппын. Мен ешқашан келесі жолы қандай қадамға баратынымды біле бермеймін.

- Әдетте, қауіпті нөмірлерді орындау алдында туралы ойлайсыз?

- Мен ол сәттерде әрқашан өзімнің әке-шешемді ойлаймын. Бұл маған қуат беріп, жаңа қауіптерден аман-есен өтуге көмектеседі.

- Күрделі трюктарды жасау үшін барынша дайындалғаныңыз көрініп тұр. Жаттығуға қанша уақыт бөлесіз?

- Мен күнде спорттан қол үзбеймін. Мәселен, бүгін де ұзақ уақыт ұшып келгенімен қарамастан, би өнерімді шыңдауға уақыт таптым. Оны үйрену арқылы өзімнің шыныққан қалпымды сақтай аламын. Мен спорттың осы түрімен 25 жасымнан бері айналыса бастадым. Сонымен бірге, велотриалға ерекше қызықтым. Толағай еңбек жемісін берді - әлем чемпионы атандым. Бес жыл бұрын тас жолдағы велосипедке қызыға бастадым. Өзімнің трюктарымды видеоға түсірдім. Содан бері тас жолдағы велосипедтен алыстаған жоқпын. Салмағым 82 келі болғандықтан, жаттығудан қол үзбеу мен үшін өте маңызды. Мен айналысып жүрген спорт түрінен өте мықты әрі епті болмаса болмайды.

- Сіздің трюктарыңызды видеодан қарап отырып, үрейден арыла алмай отырамыз. Өзіңіз трюктарды орындау кезінде қорықпайсыз ба? Үрейіңізді қалай жеңесіз?

- Адреналин - бұл менің өмірім. Сондықтан, трюктарды жасайтын кезде мен мүлде қорықпаймын. Үрей десеңіз, мен трюк кезінде полициядан ғана жасқанамын. Себебі, өз мақсаттарымды орындау үшін ешқандай жергілікті органның рұқсатынсыз ең бірегей орындарды таңдап аламын. Велосипедке отырсам, шыны керек, аздап ақылыма ерік бермей кетемін де, ойыма келген істі жасай беремін. Велосипедке отырмасам, көптің бірімін. Ешқандай қорқынышқа жол берген емеспін. Мен - «велосипедтің үстіндегі бишімін».

- Трюктардың көбін неліктен көрерменсіз жүзеге асырасыз?

- Түсінесіз бе, менің ісім - бүкіл өмірімнің қуанышы. Мен трюктарды ешкім үшін емес, өзім үшін жасаймын. Шамамен екі ай бұрын өзім түсіретін видеоның қалыбын өзгертіп тастадым: көпірлерді түсіріп,  Еуропадағы ең үлкенін іздедім. Ол - Францияда екен. Черногория мен өзге де мемлекеттердің көпірлерін түсіру әдетіме айналды. Мен бұл үшін ешкімнен ақша алмайтынымды, өзім үшін жасайтынымды тағы да айта кеткім келеді. Адамдарға менің өнерім ұнайтын болуы керек. Олардың келгені де жақсы, бірақ бұл іс ең алдымен өзіме керек.

- Жарақат алған кездеріңіз болды ма?

- Бұрын тәуекелі аз болған кезде жарақат алып қалатын едім. Қазір ондай нұсқа жоқ: немесе бәрі ойдағыдай болады немесе қайғылы жағдай туындауы ықтимал.

- Велосипедтің өз өміріңізді зор маңызға ие екенін айтып өттіңіз. Ал автокөлікке отырасыз ба?

- Автокөлікке де қатты қызығамын. Велосипедтен кем көрмеймін. Соңғы 5 жылда 65 автокөлік ауыстырып үлгердім. Әртүрлі көлікті тебе беремін. Lamborghini, Aston Martin секілді автокөліктермен жүру бақыты бұйырыпты. Сонымен бірге, нағыз жерлестерімдей Италияда шығарылған автокөліктерге қызығушылығым зор.

- Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!