«ВКонтакте» Instagram-ның аналогын іске қоспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ВКонтакте әлеуметтік желісі Instagram фото қосымшасының ресейлік аудиториясын қолданбақшы болып шешті. Бұл үшін iOS және Android арналған жеке қосымша құрылды , бұл таяу аптада іске қосылатын болады, деп хабарлады Вести.

Нақты күні қосымшаның Apple және Google қосымшалары магазиндерінде модерациядан өтіп болуына байланысты. ВКонтактеде жекеменшік фотосервисті іске қосатынын компанияның бас директоры Борис Добродеев хабарлады.

Компания дереккөздеріне сүйенсек, әлеуметтің желі аудиториясын көбіне фотосуреттер қызықтырады. Сондықтан ВКонтакте әкімшілігі Instagram орнына пайдаланушылар оның жеке қосымшасын орнатқанын қалайды.