Сонымен қатар, аккаунтта алдында жарияланған барлық ақпарат, пікірлер, суреттер толығымен жойылған.
Алайда, қоғам наразылығын тудырып отырған осыған ұқсас «Отбросы этого поколения Алматы» тобы әлі жұмыс істеп тұр. Топтағы соңғы жазбасында топтың әкімшілері парақшадағы ата-аналардың топтан шығуына көз жеткізуін сұраған.
Айта кету керек, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «ВКонтакте» желісіндегі бұл топтардың жұмысын тексеріп жатыр. «Бұл топтардың контенті сараптамаға тексеруге алынды. Егер сараптама топ жұмысынан заңға қайшылық тапса, онда бұл ресурстарға тыйым салынады», - деді министрліктен.