«Гагкаева көшесіндегі «Магнит» супермаркетінде жарылыс болды, ғимарат толығымен опырылып түсті. Себебі белгісіз», - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Өңір басшысы мен үкіметтің баспасөз қызметі журналистерге ТЖ салдарынан бір адам зардап шеккенін хабарлады. Болжам бойынша, ол супермаркеттің күзетшісі.
Сондай-ақ республиканың Денсаулық сақтау министрлігі үйінді астында адамдар болуы мүмкін екенін мәлім етті.