Владимир Бобров ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды

АНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мәжіліс депутаты Владимир Бобров ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР конституциялық заңының 9-бабы, 8-тармағына сәйкес Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов депутат В. Бобровтың кандидатурасын палатаның талқылауына ұсынған болатын. Осыған орай Мәжіліс депутаттары төраға ұсынған кандитатты қолдап, ашық дауыс беру арқылы вице-спикер қызметіне В. Бобровты сайлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған еді.