Кездесу нәтижесі бойынша Владимир Газзаевтың бас бапкер қызметінен кету туралы өтініші қанағаттандырылды.
Еске салсақ, 37 жастағы ресейлік маман бір жыл бұрын «Ақтөбеге» бас бапкер болып тағайындалған. Осы кезеңде команда чемпионатта күміс жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан Кубогының финалына шыққан.
Биылғы чемпионатта осы маманның басшылығымен «Ақтөбе» қатарынан 19 турда бірде-бір рет ұтылған жоқ. Турнирлік кестеде ақтөбеліктер топ бастап тұр. Алайда Еуропа лигасында әлі аты шыға қоймаған ортаңқол ұжым саналатын эстондық «Нымме Калью» клубынан асып өте алмады.
Қазір бас бапкердің міндетін атқарушы - Алексей Косолапов.