Владимир Газзаев «Ақтөбе» футболшыларымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақтөбе» клубының басшылығы футболшыларға жаңа бапкер Владимир Газзаевті таныстырды. 34 жастағы ресейлік маманды таныстыруға «Ақтөбе» ФК-ның президенті де келді.

Осетиялық футболдың өкілі В.Газзаев бапкерліктегі еңбек жолын 2009 жылы «Алания» футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі қызметінен бастаған. 2011 жылы «Аланияның» бас бапкері атанды. Онда ол қатарынан үш маусым өткізді. Оның қол астында аталмыш клуб Ресейдің Премьер-лигасына өте алды. Бірақ көп ұзамай қайта шығып қалған болатын.