Боксердің менеджері Бернд Бентенің айтуынша, нақты диагноз әлі қойылмаған. Алдын ала жасалған болжам бойынша спортшының бүйрегінде тас болуы мүмкін. Егерде бұл болжам расталса, Кличкоға операция жасалады.
14:01, 06 Желтоқсан 2011
Владимир Кличко ауруханаға түсті
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украинаның атақты боксері Владимир Кличко ауруханаға түсті. Спортшы Дюссельдорф қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылған, деп хабарлады The Associated Press агенттігі.