41 жастағы спортшы осы жылғы 11 қарашаға жоспарланған британдық Энтони Джоушпен қарымта айқас өткізуден бас тартты. Жекпе-жек Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтетін болған. 30 сәуірде Лондонда өткен спортшылар арасындағы бірінші жекпе-жек 11 раундта техникалық нокаутпен Дшоуштың жеңісімен аяқталған. Кәсіби мансабында Кличко 64 рет жеңіске жетті (53 нокаут), бес рет жеңілген.
15:21, 03 Тамыз 2017
Владимир Кличко бокстан кететіндігін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, украиндық боксшы Владимир Кличко спорттағы мансабын аяқтау шешімін қабылдады. Мұны ол жеке YouTube арнасында хабарлады.