Украиндықтың менеджері Бернд Бенттің айтуынша, Пулев промоутерлерінің қаржылық талаптары украин боксшысының көңілінен шықпаған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін IBF Кличкоға атағын қорғау үшін Пулевпен жекпе-жекке шығуды міндеттеген болатын. Болгар боксшысы 2013 жылы америкалық Тони Томпсонды жеңгеннен кейін міндетті үміткер атанған.
Кличконың қанжығасында IBF, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) және Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқалары бойынша түрлі атақ-дәрежелері бар.