Басылым ақпаратына қарағанда, Украинаның бокс федерациясы В.Кличконы Олимпиада ойындарында шаршы алаңға шығаруды жөн көрмей отыр. Дегенмен, боксшының неміс құрама командасының сапында Бразилияға бару мүмкіншілігі мол еді. Алайда спортшы мұндай ұсыныстан бас тартты.
«Кличко 2013 жылдың қарашасына дейін Германия азаматтығын алуы тиіс еді. Бірақ ол мұндай қадамға бармады», - деді Германия бокс федерациясының спорттық директоры Михаэль Мюллер.
«Айта кетерлігі, сәуірдің соңында Владимир Кличко Германияда кезекті титулдық жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын тартып алуға ниетті Алекс Леапаи болмақ», - деп хабарлайды vesti.kz.