Владимир Кличко: Г.Головкин менің салмағымда емес екеніне қуандым
11:37, 24 Ақпан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің ауыр салмақтағы айтулы боксшыларының бірі, украиналық Владимир Кличко Геннадий Головкиннің Мартин Мюрреймен жекпе-жегіне таңданысын білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Жігіттер, Головкиннің өткен демалыстағы жекпе-жегін көрдіңдер ме? Вау! Оның менің салмағымда емес екеніне қуаныштымын!», - деп жазды боксшы Твиттердегі жеке парақшасында.