«Геннадий Головкинді бақылап жүрмін! Ол - теңдесі жоқ дарын иесі. Лайым солай болсын!» - деп Владимир Кличко өзінің Твиттердегі парақшасына жазған.
Еске сала кетейік, кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпионы, қазақстандық боксшы қазақстандық Геннадий Головкин IBF чемпионы Давид Лемьені 17 қазан күні өткен жекпе-жектің 8-ші раундында теxникалық нокаутпен жеңген болатын.