Айта кетсек, WBA, IBF және IBO титулы үшін болған бұл айқас 2017 жылғы сәуірде Лондондағы Уэмбли стадионында болған еді.
Төртінші раундта Джошуа Кличконі нокдаунға жіберді, ал келесі үшминуттықта украиндықтың соққысынан соң британдық есеңгіреп қалды. Дегенмен 11-раундта британдық техникалық нокаутпен жеңді.
Олар атап айтқанда, Геннадий Головкин мен (Қазақстан) - Сауль Альварестің (Мексика) алғашқы кездесуінен, сондай-ақ Наоя Иноуэ (Жапония) - Нонито Донэйр (Филиппин) және Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд) - Роман Гонселес (Никарагуа) жекпе-жектерінен көп дауысқа ие болды, деп жазды Klitschko-brothers.com.