«Қазір, 2 ай бұрын боксшы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағаннан кейін, бұл шешімнің дұрыс болғанын айтқым келеді», - деп мәлімдеді Кличко BBC-ге берген сұхбатында.
Сондай-ақ, украиндық болашақта боксқа қайта оралуы мүмкін екенін де жасырмады.
«Бұлай кесіп айтуға да болмас. Мүмкін, екі жылдан кейін спорттық жолымды жалғастыратын шығармын. Бірақ, мен оны қаламас едім», - деп атап өтті Кличко.
41 жастағы Кличко кәсіби рингте 69 айқас өткізіп, оның 64-ін жеңіспен (54-і - нокаутпен) аяқтаса, бес рет сүрінген еді.