Бұл туралы "Фейсбукте" ақын мұражайының директоры Алексей Лобов хабарлады. Патрисия Томпсон 89 жаста болған. Ол 1 сәуірде қайтыс болды.
Мәскеу мұражайы оның 90 жылдық мерейтойына көрме дайындап жатқан. Онда Патрисия Томпсонның жанұялық мұрағатының заттарын көрсету жоспарланған болатын.
Өз сұхбаттарында Томпсон ресейлік төлқұжат алып, мүмкіндік пайда болған жағдайда Ресейге баруды армандайтынын бірнеше рет айтқан еді.