Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 60 жастағы қазақстандық маманды "Тобылдың" бас бапкері ретінде бекітті. Енді қостанайлықтар келесі маусымға дайындықты жаңа бапкермен дайындалатын болады. Никитенконың алдында "Тобылдың" тізгінін ресейлік бапкер Роберт Евдокимов ұстаған еді. Ол келісімшарты аяқталғаннан кейін орнын босатты. Оған қоса, клубтың алға қойған тапсырмаларын орындай алмады.
Владимир Никитенко әлі де Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы. Қос қызметті бірге алып жүреді ме, әлде жастар құрамасынан кете ме? Ол әзірге белгісіз.