Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА.KAZINFORM - Владимир Путин Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттеріне Наурыз мейрамымен құттықтау жолдады, деп хабарлайды Kazinform.

Ресей Президенті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевке Наурыз мейрамы мерекесіне байланысты жылы лебізін жолдады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.