Кремль сайтында жарияланған құттықтауда Ресей Федерациясының басшысы қазақстандық әріптесінің екі ел арасындағы ынтымақтастық пен жеке достық қарым-қатынастарға қосқан үлесін атап өтті.
«Ресей елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалайды», - деп жазған Путин Тоқаевқа арналған жеделхатында.
«Мен біздің жақсы, достық қарым-қатынасымызды бағалаймын. Біз Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта да бірге жұмыс істей береміз», - деп атап өтті РФ президенті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Малайзия премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевті бүгінгі туған күнімен құттықтады.
Бүгін, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.