«Биылғы жылы жиын Омскіде қараша айында өтеді. Мен оған Қазақстан Президентін де шақырдым»,-деді Ресей басшысы.
В.Путин сонымен қатар Омскіде өтетін өңіраралық ынтымақтастық мәселесіне арналған шара аясында Қазақстан мен Ресейдің жас көшбасшылары форумы өтетіндігін айтты.
«Осы шара аясында Ресей мен Қазақстанның жас көшбасшыларының форумын өткізу дұрыс деп шештік»,-деп қосты Владимир Путин.
«Сөз соңында Қазақстан Президентіне, Қазақстаннан келген барлық әріптестеріме және достарымызға ауқымды нәтижелі келіссөздер үшін алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі кездесуіміздің нәтижесі Қазақстан мен Ресейдің одақтас ретіндегі қарым-қатынасына игі ықпалын тигізеді деген ойдамын»,-деді Ресей басшысы Мәскеуде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша.