В. Путин Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы алдағы уақытта да кеңейе түсетінін, ол үшін барлық объективті жағдай бар екенін айтты.
«Қазіргі байланыстар және екіжақты өзара іс-қимылды ары қарай тереңдету перспективалары бүгінгі келіссөздер барысында қаралған басты тақырып болды», - деді РФ басшысы.
Сонымен қатар ол бүгінгі келіссіздер кезінде Қазақстан Президентін басты қонақтардың бірі ретінде маусым айында өтетін Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысуға шақырғанын жеткізді.
«Қазақстан басшысы біздің шақыртуды қабыл алды деп үміттенеміз, сондай-ақ Санкт-Петербордағы форумға Қазақстанның саясаткерлерінен, бизнесмендерінен және қоғам қайраткерлерінен құралған ауқымды делегацияны күтеміз», - деді Владимир Путин.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізді.
Сапар аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.