Құттықтау жеделхаты Кремль сайтында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.
«Артта қалған ширек ғасырда Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын достық пен өзара құрметтің игі дәстүрлеріне негізделген екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне көтере алдық», - делінген құттықтауда.
РФ президенті екі мемлекеттің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы саяси диалогы мен жемісті ынтымақтастығының қарқынмен дамып келе жатқанын тілге тиек етті. «Елдеріміздің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы күш-жігерін үйлестіру аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етеді», - деді Ресей президенті. Путин екі елдің халықаралық мәселелерді шешудегі конструктивтік ықпалдастығының одан әрі дамуына сенім білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен табыстар тіледі.