"Ауыс-түйістерді жасауға да, жасамауға да болады. Бірақ, дәл қазір оның қажеті жоқ. Дұрысы, мұны президент сайлауынан кейін, Үкімет құрамы жаңарғаннан соң жүзеге асырған жөн болады " - деді ол.
Премьер сайлаудан соң Үкіметті тұтастай қалыптастырып, «халыққа алдағы жоспарларды қандай адамдардың жүзеге асыратындығын сол кезде көрсету керек», - деді.
Алдағы президент сайлауы жайлы сөз ете келе, В.Путин, сайлауға қатысу мәселесі бойынша РФ Президенті Дмитрий Медведев екеуінің бірігіп шешім қабылдайтындықтары жөнінде сөз етті.
"Біз әлі бұл туралы ойланамыз. Әзірге нақты түйін жасауға ерте. Әйтпесе, сайлау туралы сөз қозғай бастасаң, бәрі бір өзгеріс күтіп, жұмыс істемей қояды", - деді өз сөзінде премьер.