НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды.
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына орай Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.