«Владимир Путин Федералды Салық қызметінің жетекшісі Михаил Мишустинмен жұмыс кездесуін өткізіп, осы кездесу барысында оған Үкімет басшысының лауазымын ұсынды. М.Мишустиннің келісімін алған соң Президент оның кандидатурасын Мемлекеттік Думаның қарауына ұсынды», делінген Кремль сайтында.
Осыған дейін Ресей Президенті Владимир Путин жаңа лауазым - РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін құрып, бұл қызметке РФ бұрынғы министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведевтің кандидатурасын ұсынды.
Медет Ахметов