Владимир Путиннің жылдық табысы 1,2 млн рубльге өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Путинде үш автомобиль бар, оның ішінде жол талғамайтын 'Нива' бар.

Ресей Президенті Владимир Путиннің 2015 жылғы табысы 8,9 млн. рубльді (135,3 мың доллар) құрады, делінген мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған декларацияда.

Құжатқа сәйкес, Путиннің 2014 жылғы табысы 7,65 млн рубльді (116,3 мың доллар) құрады.

Декларацияда президент иелігінде аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын жер учаскесі, аумағы 77 шаршы метрді құрайтын пәтері және гаражы бар екені көрсетілген. Путиннің меншігінде Ресейде жинақталған үш автомобиль және "Скиф" автотіркемесі бар.

Президенттік әкімшілік мүшелері ішінде ең көп пайдаға кенелген ведомство басшысының бірінші орынбасары Вячеслав Володин. Оның декларацияланған бір жылдық табысы 87 млн рубльді (1,3 млн доллар) құрады.

Премьер-министр Дмитрий Медведевтің табысы өткен жылдың қорытындысы бойынша 8,8 млн рубльді құрады.

Үкімет сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, ол аумағы 4700 шаршы м жер учаскесі мен аумағы 367,8 шаршы м пәтерге, сонымен қатар екі автомобильге ие.

Министрлер кабинеті мүшелерінің ішінде табысы ең жоғары - портфельсіз министр Михаил Абызов: декларацияға сәйкес, өткен жылы оның тапқаны 455,5 млн рубль (6,9 млн доллар) болды.