Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық «Еуразия» жобасы бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында мәлім болды.
Аталған жиын ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Отырысқа «ҚазЭнерджи» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Владимир Школьник, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қатысуда.
Дөңгелек үстел барысында мұнай өндіретін компаниялардың өкілдеріне геологиялық зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.