2015 жылдың 3 мамырынан бастап, Өмірзақ Шүкеев Қазақстан Республикасы Шаңғы спорт түрлері қауымдастығын басшылық етеді. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты мұның алдында жетекшілік еткен федерация президенті лауазымынан кетіп, өзінің орнына Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Олимпиада чемпионы (Лиллехамер қаласы, Норвегия, 1994 жыл), әлемнің төрт дүркін чемпионы, қысқы Олимпиада ойындарының төрт дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Смирнов Владимир Михайловичті ұсынды.