Владимир Зеленский Еуроодақ саммитіне келді
20:37, 06 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский Брюссельде өтіп жатқан ЕО-ның кезектен тыс саммитіне келді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Күннің бірінші жартысында Зеленский ақпан айының басында қызметіне кіріскен Бельгияның премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті.
Содан кейін Украина басшысы Еуропалық кеңеске келді, оны Урсула фон дер Ляйен және Антонио Кошта қарсы алды.
Қазіргі саммиттің негізгі мәселелері ЕО-ның Украинаға қолдау көрсетуі және ЕО-ның қорғаныс қабілетін арттыру.
Бұған дейін Владимир Зеленский АҚШ пен Украина келіссөздерінде «оң қозғалыс» барын және екі тарап та алдағы кездесуді пысықтай бастағанын айтқан.