Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.