Владислав Яковлев академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінде сынға түсті
12:19, 27 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Парижде Олимпиада ойындарында ескек есуден Қазақстан ерлер құрамасының cпортшысы Владислав Яковлев академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінде жарыс жолына шықты.
Отандасымыз 2 000 метрлік жарыста алты спортшының арасында мәре сызығын бесінші болып кесті. Владиславтың нәтижесі – 7:21,56.
Үздік нәтижені Жаңа Зеландия өкілі Томас Макинтош көрсетті.
Жарыс ережесі бойынша алғашқы үш спортшы бірден 1/4 финалға жолдама алса, 4-6 орын алғандар жұбаныш сынында бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Париж Олимпиадасында 27 шілде күні жарыс жолына кімдер шығатынын жазған болатынбыз.