Владислав Яковлев Париж Олимпиадасын 25-орынмен аяқтады
13:51, 02 Тамыз 2024
ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында академиялық ескек есуден ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев соңғы жарысында мәреге бірінші жетті.
Нақтырақ айтсақ, ол Е тобының финалында 6:59.43 секунд көрсеткішімен мәреге бірінші жетті.
Осылайша, Владислав Париждегі ойындарды жалпы есепте 25-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Яковлев үшін бұл — төртінші Олимпиада.
Лондонда 28-орын, Рио-де-Жанейрода 31-орын, Токиода 19-орын алған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.
Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр.
Олимпиадашыларымыз 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салуда.